Қамалды бұзды құлшына

Бұл бетте «Қамалды бұзды құлшына» атты Бұқар жырау жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қамалды бұзды құлшына
Күрзімен жауды басқа ұрған,
Қалмақтың ханын састырған,
Жаралы дұшпан басшысын,
Ат тұяғына бастырған.
Осындай игі ісімен,
Сарқылмас мол күшімен,
Қожаберген ұстазым,
Қырды жауды күпсінген.
Қалмақты қуып қашырған,
Қытайға қарай асырған.
Дүнгенді де құтқарған,
Қарақұрым масылдан.
Ұстазымды шынында,
Жау болған жоқ басынған.
Бата алған Бұқармын,
Қожаберген асылдан.
Жалаулы найза, қобызды,
Домбырасын қолға алған.
Қамалға шабар алдында,
Шығарып елең толғаған.
Жырын сүйген баршасы,
Болмаса кейбір оңбаған.
Алла, аруақ жебеу боп,
Жорықта жолын оңдаған.
Қиын-қыстау кезеңде,
Намысын қозғап өлеңмен,
Қожаберген ұстазым,
Қалың қолға дем берген.
Қоржынға сақтап дәрісін,
Жаралы жанды емдеген.
Фарсының шайын сусынға,
Қайнатып бөлек демдеген.
Жүз дұшпанды майданда,
Бір кісідей көрмеген.
Жолбарыстай шұбарым,
Ілгері шауып өрлеген.
Айбарынан жау қашқан,
Есінен қалмақ адасқан.
Ұрандай жауға тигенде,
Жарқылдап қолда алдаспан.
Ақжолды сардар Қожа-екең,
Дұшпаннан айыл жимаған.
Ерлігі көп ұстазды,
Мұсылман түгел сыйлаған.
Шаңқобызын Қожа-екең,
Жосаменен сырлаған.
«Елім-айдай» хиссасын,
Қан майданда жырлаған.
«Елім-ай» деп ат қойып,
Ән мен күйін шығарған.
Жұрттың мұңын ұғасың,
Тыңдағанда солардан.
«Ер Көкше» мен «Ер Қосай»
Ұстазымның жыры еді,
Қозғағаны сардардың –
Халайықтың мұңы еді.
Қожаберген баһадүр –
Адамзаттың гүлі еді.
Ақындардың ағасы,
Болғаны да шын еді.
Ел қорғаудың жолына,
Бар өмірін жұмсады.
Ордабасы Қожа-екең,
Жауды мықтап тұсады.
Өсиет айт деп сұрасаң,
Бұқар деген ағаңнан,
Үлгі алыңдар, балалар,
Қожаберген бабаңнан
Қазақ, ноғай, татар мен,
Қарақалпақ - бәрі де,
Ақыл сұрап көп барған,
Қожаберген кәріңе.
Разы болып оралған,
Қожаберген данадан,
Төрелік айтқан ұстазым,
Асып кетпей қанадан.
Ел арасын бүтіндеп,
Қазы болды тұсында.
Ордабасы шағында,
Қамалды бұзды құлшына.
Екі атқосшы, екі ұлы,
Қаза тапқан майданда.
Қорғауды бұзған Қожа-екең,
Қалмақтар қанат жайғанда.
Жауға шапқан карт батыр,
Алмақ боп кегін ұлдардың.
Найзамен шаншып талайын,
Қанын төккен сұмдардың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қамалды бұзды құлшына өлеңінің авторы кім?

Бұқар жырау — осы өлеңнің авторы.

Қамалды бұзды құлшына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қамалды бұзды құлшына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бұқар жырау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қамалды бұзды құлшына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері