Жырау

Бұл бетте «Жырау» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 721
Түсiнбес оны тыңдап,
қарамаған!
Сездермен өткен күндi аралаған
от бүркiп,
жалын шарпып,
көз алдымда
қып-қызыл өртке айналып барады адам.
Бiр сөздер бiр сөздердi ала қашып,
бiр сөздер бiр сөздермен араласып,
бiр сөздер топан екпiн арасында
барады найзағай боп жағаласып.
Аспаннан атқылатып отты бұршақ
кенеттен шыға келер ақ күн ұстап.
Үстiне темiр сауыт киген сөздер
айқасып шақұр-шұқыр жатты бiр сәт.
Сан пiкiр,
сан ойлардың құлпын ашып,
сөздер-ай, жатқан мына жұлқыласып.
Келiспей,
кенет қайта табысады
бiр сөздер бiр сөздермен шұрқырасып.
Бiр сөздiң, өртеп менi күн аптабы,
бiр сөздiң жылағаны шыдатпады.
Барады жүректi илеп
тұлпар сөздiң,
сатырлап түсiп жатқан тұяқтары.
Сөздердiң, алай-дүлей құйынына
iлесiп,
тарттым дала қиырына.
Көтерiп кеттi менi палуан сөз
салып ап долы қуат иығына!
Шыдамай мына алапат жыр-дауылға
ойлардың оратылдым шырмауына.
Сонан соң түпсiз терең жеткiзбейтiн
сөздердiң түсiп кеттiм шыңырауына.
Түсiнбес оны тыңдап,
қарамаған!
Сөздермен өткен күндi аралаған
от бүркiп, жалын шарпып
көз алдымда
қып-қызыл өртке айналып барады адам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жырау өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жырау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жырау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жырау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері