Түлкі заман, тік кетсем, сөкпе мүлде – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Түлкі заман, тік кетсем, сөкпе мүлде» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 729
Түлкі заман, тік кетсем, сөкпе мүлде,
Өтер бүгін тарихи өкпе кімге?
Абылайын туған ел қайта тапты,
Шек қойдық біз тарихи жек көруге.
Молайтса екен адалдық берекемді,
Мағжанша мақтадық Кенекемді.
Егемендік ел­жұртқа қанат байлап,
Көмекейге оралды: «Бәрекелді!»
Ел ұмытпас көтерсек Абылайды,
Ол ханы ғой қазақтың басыбайлы.
Бағы жанып төрлетсе жаңа қазақ,
Дана қазақ ұмытпан Ағыбайды.
Сынап едің, замана, сынап едің,
Мал соңында майысқақ шыдады елім.
Бізге қарай әдейілеп әкеле бер
Олжа салғыш тарихтың Құлагерін.
Тез жөндейді қираған көпірді кім,
Қаулады ғой, кер заман, нөпір жүгің.
Абылай де, Ағыбай, «А, Құдай!» де,
Таза қазақ төрімде отыр бүгін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түлкі заман, тік кетсем, сөкпе мүлде өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Түлкі заман, тік кетсем, сөкпе мүлде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түлкі заман, тік кетсем, сөкпе мүлде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түлкі заман, тік кетсем, сөкпе мүлде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері