Ғұлама

Бұл бетте «Ғұлама» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

(Академик Әлкей Марғұланға)

Кім екен жоқ іздеген ақша қырда,
Ізіңде адырлар көп ақтарылған.
Мелшиген Ұлытаудың обалары,
Шығармай сырды терең қатпарынан.
Жапан ғой асыр болған ығыр жаудан,
Замандар жазығынан шұғыл ауған.
Жиһанкез сол адам жүр, жоғын іздеп,
Зілзала, жер астынан шыңыраудан.
Ол солай көп тінтеді қу даланы,
Іздейді дауыл жапқан құм қаланы.
Тот басқан бақыр тапса, жер түбінен,
Алтынға кенелгендей қуанады.
Шебердей сарай құрған сынықтардан,
Жаңғыртты ол күмбездерді ұмыт қалған.
Екшелеп ертегінің жұмбақтарын,
Шешкен ол талай сырды тұйықталған.
Тұлдырдай түйін іздеп көне түзден,
Жортады баяғылар кезген ізбен.
Тарихшы Имараттан ізде оны,
Сарғайған сызбаларға көзін сүзген.
Баяндап батырларды, алмас қырлы,
Зершіл ол ашқан ердей алғаш таңды.
Шоқанның жарды соққан толқын ойын,
Саралап бүгінгімен жалғастырды.
Басы да күмбезіндей парасаттың,
Білігі – алауындай зор ошақтың.
Ұрпаққа – бабай түкті шежіре ол,
Таратқан тарауларын көне шақтың.
Бұл күнде ойы биік ел ағасы,
Халқымның мұрагері – ғұламасы.
Жая бер тамырыңды тереңдерге,
Ғылымның бәйтерегі, гүл ағашы.
1974 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғұлама өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Ғұлама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғұлама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғұлама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері