Жоқтау – Есенбай Дүйсенбайұлы

Бұл бетте «Жоқтау» атты Есенбай Дүйсенбайұлы жазған жоқтау өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 15.11.2015
  • 0
  • 0
  • 10289
Ер демеу сендей ұлды болар айып!
Еркіндік құн туса деп, cop азайып,
Ақиқат алдаспанын сілтеуші едің,
Қайдасың, ақын Свет Оразаев?!
"Шындықтан жүрмесе де тауып пайда,
Бұл Свет арыстанша шауыпты Айға..."
Қарлы қыс Қарауылкелді калды-ау алыс,
Қара көз қарындасың Мауыт қайда?..
Айналып ел аузында ертегіге-ай,
Сапарың сарқылар ма келте бұлай?
Сен едің еркіндікпен егіз сері,
Секілді Сегізсері тентегім-ай!
Асығың түспесе де алшы күліп,
Жырыңды егінші мен малшы біліп,
Алдыңнан қараңғылық үйіріліп,
Артында үйір-үйір таң шұбырып;
Бой бермей асау ырык, арда шабыт,
Жолында жүк қалдырмас нар да атанып,
Ұлып ап аш қасқырдай айға қарап,
Қан саулап жүрегіңнен қарға тамып,-
Жайықтан Жемге жортқан тарлан едің,
Ажалға амал-айлам бар ма менің -
Бір сәуле Сәкен жақтан іздеп келіп,
Сөніпсің Ақадырда, ардагерім.
Құйып ап көкірегіме құздар әнін,
Қайғыдан ішім күйіп - тұз жаладым...
Алатау, өлімтігін көрсетпепті-ау
Мұзарт шың тасында ескен Мұзбалағың


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жоқтау өлеңінің авторы кім?

Есенбай Дүйсенбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Жоқтау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жоқтау өлеңі не туралы?

Бұл шығарма жоқтау өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жоқтау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері