Жүрудi маған жазбаған

Бұл бетте «Жүрудi маған жазбаған» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 719
Жүрудi маған жазбаған
тымырсық күндей тым-тырыс
Жел болып шалқып,
теңiз боп толқып қозғалам.
Жатады тұла бойымда
бұрқанған қайрат,
жүгенiн үзген жұлқыныс.
Жүрмеспiн сiрә,
жүрмеспiн ендi тыныш мен,
суырып тартып
кеудеге демдi тыныспен,
тасырлап тиген тұяқтай
жүректi бұлқып соқтырып
өтiрiк, жалғандықтарды
омыраулармын мен.
Жаңғыртып, сiлкiп қағармын
саф металдан жасалған
шындықтың қоңырауларын мен.
Жатпаспын тыныш
бөлмеге ендii қамалып,
жүрмеспiн тыныш
көтерiп қойып жағаны.
Жатса да мейлi
жанымды менiң жаралап
өсектiң осколкалары.
Шындықтың желi
шалқып бiр шалқып ескенде
жағымпаз, жалтақ пенделер
алдымды орап,
жолымды менiң кеспеңдер.
Өтiрiк, өсек, жалғанмен
бiтiмге тұрып келiсiп
тып-тыныш жүру
қылмыспен бiрдей мен үшiн.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрудi маған жазбаған өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жүрудi маған жазбаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрудi маған жазбаған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрудi маған жазбаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері