Марш

Бұл бетте «Марш» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2802
Шықты еліріп
Сұм буржуйлар.
Қолын созып
Аспан-көкке,
Жинал, жолдас,
Пролетарлар,
Отырыңдар
Самолетке?
Шегін кері, жаулар арсыз!
Жұмысшы мен шаруалардың,
Елі ұшырған сұңқарлармыз!
Атты әскерлер өтпес жерден,
Табан тимес,
Қиын белден,
Қуған талай
Жау құзғыным,
Ер канатты
Туғызды ұлын.
Алға:
Бұйра бұлтты жарып!
Жарқылдатып,
Канат қағып,
Ұшамыз біз
Одан ары,
Жұмысшы мен шаруалардың
Елі өсірген
Ұшқыштары.
Қанмен аршып,
Жолдар ашып,
Сынас жаумен,
Сынсын сағы:
Жеті қат көк
Аспан асып,
Орнатыңдар
Коммунаны
Арасында жұлдыздардың
Үкіметін жұмысшының
Өркендету талабымыз.
Жұмысшы мен шаруалардың
Біз құстары — ұшқыштары!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Марш өлеңінің авторы кім?

Қасым Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Марш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Марш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасым Аманжолов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Марш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері