Қанжар – Қасым Аманжолов

Бұл бетте «Қанжар» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.06.2018
  • 0
  • 0
  • 5002
Лермонтовтан аударма

Серігім әрі жарқын, әрі ызғарлы,
Сүйемін асыл болат бұл қанжарды;
Кекке арнап ойшыл грузин соққан сені,
Қайраған еркін черкес бір қаһарлы,
Сыйлаған сені маған бір сал білек,
Қоштасып аттанарда ал белгі деп,
Қан емес, алғаш сенен сорғалаған —
Маржаны қасіреттің — жас мөлтілдеп.
Қара көз қайғы толы жасы іркілген
Кезінде көкірегіме тік үңілген,—
Жүзіндей сенің асыл от шалынған
Бір сөніп нұр сәулесі, бір тірілген.
Белгісі ең махаббаттың маған серік,
Ілестің жолаушыға, үлгі беріп,
Айнымас жаным менің, болат достым,
Өзіңдей, дәл өзіңдей болар берік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қанжар өлеңінің авторы кім?

Қасым Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Қанжар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қанжар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасым Аманжолов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қанжар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері