Жыртқыш заман

Бұл бетте «Жыртқыш заман» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 443
Қайран
Елім мен жерім
Түсіп шықты ғой
Қаншама қанауға,
Қаншама талауға!..
Енді, міне,
Елімді бітірген,
Жерімді бітірген
Ұрылар –
Өзі сияқты! –
Ұрыны тонауда.
Уақыт жоқ қазір
Ұйқы түгілі,
Қалғуға:
Қарақшылар
Қарақшыларды өлтіріп,
Жемқорлар
Жемқорларды аңдуда.
Елді тонап боп
Өзді өзі қырқысқан
Шенеуніктерің
Бір бірінің
Қанын ішердей.
Олардың тартысынан
Банктердің
Темірбетонды
Қалың қабырғалары
Күн жеген шүберектей
Айырылып түсердей...
Соларға қарап
Көзден – сора,
Жаннан сор ақты...
Ең сұмдығы сол! –
Жақында ғана —
Қайыршы
Қайыршыны тонапты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жыртқыш заман өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жыртқыш заман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жыртқыш заман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жыртқыш заман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері