Түнерiп аспан, көктемнiң сәнiн кетiрдi – Құралай Омар

Бұл бетте «Түнерiп аспан, көктемнiң сәнiн кетiрдi» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 865
Түнерiп аспан, көктемнiң сәнiн кетiрдi,
Төгiлiп моншақ, құтырық жел де лепiрдi.
Нелiктен мына қайыңдар бүгiн көңiлсiз?
Жаз келмей жатып, күз болып қойған секiлдi.
Нелiктен аспан сәулесiн күннiң жасырды?
Сұрланып дала көктемнiң реңiн қашырды.
Тiршiлiк бiткен маужырап мүлде қалған ба,
Сайрауық құстың әндерi неге басылды?
Көңiлсiз дала, көз жасын төгiп тұрғандай,
Тыныштық келiп әлемге билiк құрғандай.
Ойлана алмай, мең-зең боп мен де отырмын,
Оңдырмай бiреу төбемнен қатты ұрғандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түнерiп аспан, көктемнiң сәнiн кетiрдi өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Түнерiп аспан, көктемнiң сәнiн кетiрдi өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түнерiп аспан, көктемнiң сәнiн кетiрдi өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түнерiп аспан, көктемнiң сәнiн кетiрдi өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері