Қазақтың батырлары – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қазақтың батырлары» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 3470
Шетінен қайсар қылық, батыр қаған,
елі үшін отқа күйіп лапылдаған,
жат біреу жау ниетпен жерін басса,
тымағын баса киіп тақымдаған,
о, менің батыр бабам!
Жанына қуат құйып жайсаң далам,
ханның да қаһарынан тайсалмаған,
көз ілмей жерін қорғап, елін қорғап,
тау асып, сай шарлаған,
о, менің қайсар бабам!
Дауылды дариядай жатыр ғалам,
ғаламның сырын байқап ақын да алаң.
Тылсымда талмаусырап бара жатсам,
намыстың отын жағар атың маған,
о, менің батыр бабам!
Ірітсе іркітімді ірі заман,
кеш мені – үні майда, жыры жалаң!
Күбірлеп әруағыңа сыйынам да,
қаныма атой салар жылу алам,
о, менің ұлы бабам!
Көшсе де жерден жасыл шатырлары,
ізі мен оғы жатыр тақырда әлі.
Уақыттың дауылында ұрпағына
елдіктің жолын сілтеп жатыр бәрі –
қазақтың батырлары!
1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақтың батырлары өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қазақтың батырлары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақтың батырлары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақтың батырлары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері