Мағжанның бір өлеңі – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Мағжанның бір өлеңі» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.11.2020
  • 0
  • 0
  • 2013
Үлкен өлең көңіл толар көлемі,
Мағжан аға «Сағындым» атты өлеңі.
Абақтыда Алла сыбыр еткендей,
Бой тастапты бостандықтың елеңі.
Межешамдай түнде төккен жарықты,
Алға тартты ақылы жеткен анықты:
«Мен өлсем де Алаш өлмес, көркейер!» –
Деп сақ қыран сендіріпті халықты.
Көкірек жарған түсінгенім ғажапты:
Сын сағатта шыңдап жатыр қазақты.
«Маған артық – ұлтым үшін өлгенім!» –
Деп кешіпті жан түршігер азапты.
Дауылпаздың дана сөзін тірі аңыз
Естіп жатты Қаратаулар, құба дүз.
Көріпкелдік – әулиелік болжамын
Өлеңдегі өз сөзінен тыңдаңыз:
«Қалың елім, қалың қара ағашым,
Қайраты мол, айбынды ер Алашым!
Өзі­ақ құлар, сырың берме, сабыр қыл,
Ақымақтар байқамаған шамасын!»
Осы емес пе әулиелік, даналық,
Тура келді Мағжан сөзі, бәрі анық.
Кешегі Одақ оқ шығынсыз құлады,
Өз қырсығы сұр жебедей қадалып.
«Көріпкел» ғой ақын сөзі өрелі,
«Пайғамбармын!» дегені де сол еді.
Ғасыр сырын ашып кетті данышпан,
Бір романнан артық қой бұл өлеңі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мағжанның бір өлеңі өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Мағжанның бір өлеңі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мағжанның бір өлеңі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мағжанның бір өлеңі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері