Туған елдің Шәмшасы

Бұл бетте «Туған елдің Шәмшасы» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

(Шәмша Беркімбаеваға)

Шыңға біткен гүл патшасы Еңліктей,
Қыз төресі екеніңді көрдік қой.
Шамшырақтай туған елдің Шәмшасы,
Елге қызмет еттің тізе сен бүкпей.
Көтерілдің биік-­биік сатыға,
Дақ түсіріп көрген жоқсың атыңа.
Қайғырмадың төмендеген сәттерде,
Май құймадың пендешілік отына.
Ұрпақ үшін қалмадың бір жанды аяп,
Қазақ қызы болсын, шіркін, сендей­ақ.
Құбылмадың қиын­-қыстау кезеңде,
Құбылғанда заман бетін сан бояп.
Өзіңді әр кез медет тұтып жүр елің,
Жарқылдайды найзағайдай жігерің.
Жұртың үшін күнде түсіп майданға,
Ұлтың ұшін үлпілдейді жүрегің.
Сақинадай жалт­-жұлт еткен саусақта,
Өмір кейде өзгереді әр саққа.
Ерлер құсап тарттың аттың жалынан,
Ездер құсап құл болмадың мансапқа.
Жаса, жаса, нәзік жанды, әз Әпкем,
Ортаймасын келген бақыт азаппен.
Сендей қайсар қызы барда қашанда,
Дұшпаны да сыйласады қазақпен!
Ырыздығы Алладан ғой әркімнің,
Жалпымызға нұрын төксін алтын күн!
Қызметіңе мемлекетің разы,
Құрметіңе бөлене бер халқыңның!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған елдің Шәмшасы өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Туған елдің Шәмшасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған елдің Шәмшасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған елдің Шәмшасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері