Келесі жұп – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Келесі жұп» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 761
Махаббат — күш, күш жоқ оған тең келер,
«Не пайда одан?» — деседі кей пенделер.
Бұл махаббат ақша да емес, билік те,
Ер жігітке дем береді тірлікте...
Болмай ма ой жүгіртпей-ақ сан-саққа.
Вамика мен Азраны алсақ та.
Кім түсінбес сезімдерін олардың,
Атын айтсаң, жанарларға толар мұң.
Хикаясын қайғылы бұл адыздың,
Білмейді әлем. Білсе, білсе — нағыз мұң...
Білмейді әлем, бірін-бірі сүйгенін,
Сүйгені үшін махаббатқа күйгенін.
Үндемелік. Қоспайық еш тосын жай,
Махаббаттың мән-жайы, дос, осындай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келесі жұп өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Келесі жұп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Келесі жұп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Келесі жұп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері