Өлең, жыр, ақындар

Жеңеше

  • admin
  • 26.11.2024
  • 0
  • 0
  • 527
(Шәмшіқұмар Құрманқұл келініне)

Ауылға барғанда қайным деп,
Өзгеден сен қанат жайдың көп.
Шіркін-ай, білгім кеп тебіренем,
Жүгіртіп қойды екен қай міндет?
Есімде кешегім, бүгінгім,
Балдырған күндерге үңілдім.
Жеңеше, алдымда жүгірме,
Өзімнің келіп тұр жүгіргім.
Жүректің лүпілін санасам,
Жасарып кеттім жас балаша.
Ақ көңіл, кең пейіл жеңеше-ай,
Мінезің не деген тамаша?!
Жүрсем де ауылдан шеткері,
Ұзамас көңілімнің кептері.
Ауылымның үлкені болдыңдар
Үлкендер аттанып кеткелі.
Жарқырап тар үйің сарайша,
Шаттандың достарым молайса.
Анамдай ардақты жеңеше-ай,
Мен парыз ақтармын қалайша?!

1982



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қаныш және Қарсақбай

  • 0
  • 0

Қаныш және Қарсақбай
«Қара қазан Қарсақбайы» қазақтың,
Қанышты айтсам,
Кәкімбек Салықов

Толық

Қытайда болған елшіміз

  • 0
  • 0

Ардақтаймын
Кәрібжановтар әулетін!
Жайнатып тұр Фазыл ағам сәулетін.
Жәнібек, саған жан­жүрегім шын разы,

Толық

Кім бізде кәміл мұсылман?

  • 0
  • 0

Кім бізде кәміл мұсылман?
Абайша «кәміл мұсылман» –
Қатарда еңбек адамы.
Кәкімбек Салықов

Толық