Қос жұлдыз ашылды анық

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Сал Көкше шалқып нулы,
Той бастап думан­шулы.
Қасында ақын Сара,
Біржан сал қайта туды.

Қайырмасы:
Сырлы саз асылданып,
Ән жетті ғасырды алып.
Әлемге нұрын шашып,
Қос жұлдыз ашылды анық.

Бүршігін ашқан жаңа,
Ақ гүлдей өскен дара.
Жәннат жер Жетісудан
Жарқ етті ақын Сара.

Қайырмасы.

Тайталас қарқындады,
Тасқын жыр таусылмады.
Айтысып қос дүлдүлім,
Жан сырын жасырмады.

Қайырмасы.

Байтақ ел толқып­тасып,
Тойласа әнге басып,
Барады Біржан – Сара,
Қос жұлдыз қолтықтасып.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қос жұлдыз ашылды анық өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Қос жұлдыз ашылды анық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қос жұлдыз ашылды анық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қос жұлдыз ашылды анық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері