Ғарышкер – халық жақыны

Бұл бетте «Ғарышкер – халық жақыны» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

(Тоқтар Әубәкіровке)

Қазақтан шыққан ғарышкер
Тұңғышы болып топ жарды.
Қызу қанды намыскер,
Ардақтайық Тоқтарды!
«Ерлікке бізде орын көп...»
Толтыра түсер санатын.
Бола берсін жолың деп
Жайғызайық қанатын.
Әне, сонда азамат
Өз өресін өлшетер.
Қажымас, талмас қазанат
Тұлпарлығын көрсетер.
Тұңғыш болу – мектебі
Азаптан туған ғажаптың.
Ерлігі – дастан, ертегі,
Сұңқары Тоқтар қазақтың.
Ғаламдық қонған кең жігер,
Байқады әлем бай қорын.
Өзімсіп қазақ кең жүрер,
Құшағын жайып Байқоңыр.
Өмірі лайық сыйлауға,
Ғарышкер – халық жақыны.
Өз батырын жырлауға
Жалықпас қазақ ақыны.
Тәжірибе бар жол ұстар,
Қолайлысын жинаса:
Гагаринді орыстар,
Сыйлайық, қалай сыйласа.

2004.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғарышкер – халық жақыны өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Ғарышкер – халық жақыны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғарышкер – халық жақыны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғарышкер – халық жақыны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері