Көрмей жүріп сүйгендер – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Көрмей жүріп сүйгендер» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 721
Көкірегіңе көп қуаныш түйіпсің,
Ашылу аз, жабығу көп тұйықсың.
Тірліктегі бір ғажайып сол шығар,
Көрмей жүріп, көргендей боп сүйіпсің.
Қиядағы сен жез қанат киіксің,
Көңіліңе көп сағыныш үйіпсің.
Бұл жалғанда махаббаттың құлы едім,
Махаббаттан сен ерекше биіксің.
Тілегіңнің ең асылын қиыпсың,
Жырымды оқып егіз жандай ұйыпсың.
Содан болар, қай қияда жүрсең де,
Жүрегіңе жүрегімді түйіпсің.
Жырға балқып, әнге алғыс үйгендер,
Жаса, жаса, көрмей жүріп сүйгендер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көрмей жүріп сүйгендер өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Көрмей жүріп сүйгендер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көрмей жүріп сүйгендер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көрмей жүріп сүйгендер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері