Есілдегі Астана – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Есілдегі Астана» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қоштасып қарт Алатау астанамен,
Көш тартты Сарыарқаға басты мәрем.
Ақ орда мәртебелі Ақмолаға,
Сәт тілеп, байтақ елім айтты сәлем.

Қайырмасы:
Арал, Каспий, Ақ Жайық,
Қызыл Орда қол жайып
Бата берді жас қала!
Алтай, Ертіс, Атырау,
Құтты бол! – деп жатыр-ау,
Есілдегі Астана.

Бұл күнде бүкіл әлем таныс маған,
Көшіме көлік қосты ғарыш-ғалам.
Қалықтап қанат жайды ақ арманым,
Азаттық ақ жолында қарыштаған.

Қайырмасы

Бастасам асыл әнді ақ жүректен,
Астана нұрың жансын ақ тілектен.
Көгілдір туым жайнап желбірей бер,
Қазақты жер шарымен тату еткен.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есілдегі Астана өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Есілдегі Астана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есілдегі Астана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есілдегі Астана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері