Ақындардың бергені

Бұл бетте «Ақындардың бергені» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ақындарда жасыру жоқ жан сырын,
Аялайды шындық деген тақсырын.
Құты қашар сонда әңгүдік жаманның,
Нұры жанар аты әйгілі жақсының.
Қуанышы жүрегіне сыймаған,
Сағынышы шырай бұзып қинаған.
Өлең болып өзі өріліп түседі
Тірліктегі байлығы сол жинаған.
Терең мұңы, қатал өмір шырмаған,
Өкініші өртендірген бұл ғалам.
Самал жел мен арай таңдар тебірентер,
Құбылыс жоқ ақын көңіл бұрмаған.
Түсінер-ау соның бәрін милы адам,
Ақында жоқ айтуға сыр қимаған.
Ол өмірде жалған сөзден қорқады
Шарайнадай түйір тастан қираған.
Асау аттай үзіп өтер кермені,
Жырлатпайды көкірек жарған шер нені?!
Ақиқатты айтып өтер тайсалмай –
Ақындардың өмірге сол бергені.

19.02.2003.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақындардың бергені өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Ақындардың бергені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақындардың бергені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақындардың бергені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері