Абайға айтар алғысым

Бұл бетте «Абайға айтар алғысым» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қайран ел деп қабырғасы қайысқан,
Ол – данышпан «мыңмен жалғыз алысқан».
Әрбір сөзі жанға азық емес пе
Жан анамның ақ сүтімен жабысқан.
Мың толғанып, іздеп сөздің әсемін,
Арқау етсем жанға тиер әсерін,
Абай ата, бәрі сенің ықпалың,
Менің жырым – өзің еккен жас егін.
Сендей емес бар көмегі басқаның,
Әніңді айтып бастау алды жас жаным.
Құпия хат жазсам-дағы бір қызға,
Мен өзіңнен үлгі ала бастадым.
Жырға орасам кең жалғанның жаз-қысын,
Бәрі өзіңе, Абай ата, алғысым!

1979


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абайға айтар алғысым өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Абайға айтар алғысым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абайға айтар алғысым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Абайға айтар алғысым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері