Эпиграммалар – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Эпиграммалар» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1521
1
Қызық, қызық қарап тұрсақ «қасіреті» мұның да,
тұңғыш шыққан гүл секілді махаббаттың тыңында.
«Ақсары қыз», «Қара қыз» – деп жыр жазады ол дамылсыз
әйелінен басқа адамның атын білмейд, шынында.

2
Күлме, досым, балағы оның алба-жұлба жыртық деп,
қайғырма оған жоқшылықтан пайда болған қырсық деп.
Атағы оның жайылды елге «сұлу қыздар» аулында,
ал, балағы сол ауылдың иттерінің аузында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері