Өлең, жыр, ақындар

Бір өмірден, бір мысал (Жастарға арнау. Абай болыңыздар!)

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Сарғайды терек, жылады ана жүрегі
Қиналды жаны, үзілді арман-тілегі.
Айрылды ана өсірген жалғыз ұлынан,
Қайтеді енді, келмейді қайта жолынан.

Осынау қатал тағдырға бар ма амалы,
Үзілді жастай гүлдемей жатып бұтағы,
Келместің кетті кемесіне мініп, жылатып
Қаншама мақсат-тілектерді құлатып.

Ананың, шіркін, сен едің жалғыз тірегі
Сен едің жалғыз өмірде оған керегі.
Тосады енді жолынан кімді асығып,
Басады қалай сағынышын, мұңайып?!

Кімге енді дайындайды тәттіні
Естілмейді баласының тәтті үні,
Кімге енді телефонды шалғанда
«Кешікпеші-деп айтады, сен ұлым»?

Туыстар да, дос-жаран да жоқтайды
Сен жоғына сене алмайды, жылайды.
Талайлардың жүрегінде қаларсың
Ешкім сені ойынан тастамайды.

«Марқұм» деуге бармайды біздің тіліміз,
Өкінішті, осылай болды күніміз.
Жатқан жерің жарық болсын ....
Алла қолдап, тие берсін дұғамыз.

Қайтеміз енді, ажалға жоқ қой еш шара,
Қаласың мәңгі жүректерде сақтала.
Жалғыз-ақ қолдан келетіні біздердің
Дұға тілеп, бата тілеу қол жая. (2013 ж.)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір өмірден, бір мысал (Жастарға арнау. Абай болыңыздар!) өлеңінің авторы кім?

Анар Талапқызы — осы өлеңнің авторы.

Бір өмірден, бір мысал (Жастарға арнау. Абай болыңыздар!) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бір өмірден, бір мысал (Жастарға арнау. Абай болыңыздар!) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Талапқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір өмірден, бір мысал (Жастарға арнау. Абай болыңыздар!) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері