Калош пен Ботинка – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Калош пен Ботинка» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4472
Көшедегі қою сазды, балшықты
Өте алмайсың секіріп те, аттап та.
Калош кешіп лайсаңды, шалшықты,
Ботинканы тигізбеді батпаққа.
Ботинка айтты үйге жетіп алғасын:
— Таза затты лас затқа қоса ма?!
Енді еденді былғайды ғой ласың,
Қал осында!
Сенің орның — босаға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері