Бір кезде асып тасқан жел көңілмен – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Бір кезде асып тасқан жел көңілмен» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 828
Бір кезде асып тасқан жел көңілмен,
Бетпе бет келген аяр енді өмірмен?
Қарағым маған аңдып қарамағын,
Жер басқан қатардағы пендемін мен.
Адамзат жүріп жатыр ағысы әлі,
Жабайы, қайта оралып тағы, шағы.
Қуаныш қасіреті жер бетінің,
Кеудемде соғысады, тоғысады.
Дүние дақпырт пенен дүрмекке кең,
Бір-бірін алдап күлу, құрмет пе екен?
Өмірдің неше түрлі сұмдығынан,
Кейде бір қара жердей кірлеп кетем.
Көз бе екен, қыран құсты құмай көрген,
Құласа, ессізге бақ құлай берген.
Қаптаған жердің бетін көлеңкелер,
Өз-өзін былай көрген, құдай көрген.
Бір жауап таба алмадым мың ойланып,
(Аққан соң, өмір-өзен лайланып)
Пәктігім періште құс сияқтанып,
Ұшып жүр көк аспанда шыр айналып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір кезде асып тасқан жел көңілмен өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Бір кезде асып тасқан жел көңілмен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір кезде асып тасқан жел көңілмен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір кезде асып тасқан жел көңілмен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері