От кеудеме үңілем – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «От кеудеме үңілем» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мені тағы ұйықтатпады қинай мұңым,
Дос боп отыр жалғыздыққа қимай түнім.
Мына әлем қаншалықты кең болғанмен,
От жүрегім соншалықты сыймайтының...
Сезімімді бұлтқа орап күнді құштым,
Соққысында құлап барам мұңлы күштің.
От кеудемнің мұң құйынған сәулелері,
Аспаныңда жанып тұрған түнгі ұшқын.
Жарығымды сыйдыра алмай мұң көшіне,
Азғырады қара жүрек түн шешіне.
Егер Күннің нұры сөнсе бұлттан қорқып,
Жүрегімді жұлып берем Күн төсіне.
Қайтсем екен, бөрі мұңды, қап, ұлыған!
Шерім жауды қара аспанның жатырынан,
Бөтен кеуде, бөтен оттан қорықпаймын,
Бәлкім, ажал өз кеудемнің лапылынан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

От кеудеме үңілем өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

От кеудеме үңілем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

От кеудеме үңілем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

От кеудеме үңілем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері