Жырым-ау, тағы оралдым саған
Бұл бетте «Жырым-ау, тағы оралдым саған» атты Серік Жетпісқалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жырым-ау, тағы оралдым саған,
Аңсаған құстай көктемін.
Айқасуға да қалмады шамам,
Өзіңе өксіп беттедім.
Әлемің қандай әдемі еді,
Аспаның қандай кіршіксіз.
Шаршатты ездің әлегі мені,
Мекенің неткен мүлтіксіз?!
Жырым-ау, мені тосырқамашы,
Кеудеме көктем орнатшы.
Әніме бұлбұл қосылмағасын,
Көңілім қалай толмақшы?
Армансыз күнім, аңғалдау қалпым,
Беу, неткен бүгін қымбат ең?
Сертімдей болсын қоятын шартың,
Қарсы алшы тағы жыр-мекен!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі