Қаройдың қара жусаны – Серік Жетпісқалиев

Бұл бетте «Қаройдың қара жусаны» атты Серік Жетпісқалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қаройдың қара жусаны,
Қайғыдан қажып түнерген.
Махамбет қаны тамған жер,
Өзіңнен жастай сыр емгем.

Көлбеңдей өтіп көк сағым,
Дүбірдің көкте тұр шаңы.
Томсара қапты алыста,
Қымтанған мұңды құм шағыл!

Алау да жүзін нұр шалып,
Арша да мойнын қылша қып.
Елестеп өтті-ау, батырдың,
Қапыда кеткен бір шағы!

Тербеген желге мұң шағып,
Төбесін талмай күн шағып.
Қайғыдан қажып теңселді,
Қаройдың қара жусаны!

Арман да арман арман бел,
Әлекті тағдыр салған жер.
Махамбет ақын өкініп,
Қапыда, шіркін, қалған жер!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері