Бұл бетте «Өтемістің он ұлы» атты Серік Жетпісқалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Төтеп бердім дауылға,
Құламадым, теңселдім.
Қарамадым жауынға,
Талай жолды еңсердім.
Сөз арнадым қауымға,
Шын сөзіме ел сенді.
Суарылған жалынға,
Қында жүрген семсермін.
Бөкпесін деп ар мұңға,
Тасты құмдай үгіттім.
Өз ұятым алдында,
Сында жүрген жігітпін.
Татимын деп он ұлға,
Құлшынған зор дәмем бар.
Нар түйенің жолында,
Жүк қалмайды деген бар.
Жарасар ма жалғанда,
Жігітке ез, қор болған.
Тәуекелге барғанның,
Құдай жолын оңғарған.
Ауылы алыс мазақтың,
Намыс оты жаныса.
Әр жігіті қазақтың
Он жігітке татыса!
Тер төкпеген төрге озбас,
Қамал алмас қорғанған.
…Өтемістің он ұлы,
Жер қайысқан қол болған!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі