Жалғандық арбай бастаса
Бұл бетте «Жалғандық арбай бастаса» атты Серік Жетпісқалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шындықтың аршып қабығын,
Жалаңаш ұстап тұрғандай.
Түнекті серпер жарығың –
Хас батыр жазған жыр қандай!
Тірліктің күйі басқаша,
Қайтпайды зілсіз жасқасаң.
Махамбетті оқы, ағайын,
Жалғандық арбай бастаса!
Досың кім, байқа, қасың кім,
Кімге сыр айттың, ашылдың?
Махамбетті оқы, күйбеңдеп,
Қамын жеп кетсең басыңның!
Қайғырма жоққа, барға да,
Ұлт үшін болсын әр қадам.
Таусылмас тірлік әлегі,
Өзіңді өзің алдама!
Халқың бар бағың жандырған,
Халқым деп өтті сан құрбан.
Үлгі алғын таңның нұрындай,
Махамбет өткен тағдырдан!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі