Иек сүйеу

Бұл бетте «Иек сүйеу» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 765
Үн-түнсіз. Жым-жылас.
Есік пен терезе –
Мәңгілік ашылмас кейіпте. Жабылған.
Әлдене аңсайсың. Кебедеі кенезең.
Масалар ызыңы билеген қабырға –
Ол да үнсіз! –
Қиялға шомылған.

Кірпікте қара түн түнеріп,
Қарашық ішінде мұң ағып…
Екеуміз сүйетін бұл өмір
Барады, ә, осылай қуарып…

Қасірет иектеп жанымды,
Жұбатар едің ғой күрсінсем.
Бейуақ сыңсиды қалың ну:
«Қай жақта жүрсің сен?»

…Үзілген үмітті жалғар кім?
Ұзақ түн ғасырдан.
Ертеңгі ататын таңдардың
Парағы шашылған…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Иек сүйеу өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Иек сүйеу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Иек сүйеу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоқтарәлі Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Иек сүйеу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері