Толған ұры, толған өсек, қапыл үн – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Толған ұры, толған өсек, қапыл үн» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 569
Толған ұры, толған өсек, қапыл үн,
Сатылмайтын қалмайды ешкім жаныңда.
Жүреленіп, қозғала алмай отырмын,
Қорқынышты ғасырымның алдында.

Құйшы, жаңбыр,
Сыбыр-күбір тал қайың,
Көрдім көлден қаны қашқан өңімді,
Енді ешқашан тыншымайтын жайдамын,
Мен де ұмытам
Мені ұмытқан елімді.

Қаралады қасиетті сөзімді,
Табалады көтертпестей көзімді ,
Жүректері тілім-тілім тікенек,
Тілектері құртып тыну өзімді.

Алай-дүлей ағып жатқан өзенге,
Қарап тұрмын, оны өзен сезер ме?
Бір аппақ құс ұшып барад әуелей,
Мен сияқты бара жатқан өзге елге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Толған ұры, толған өсек, қапыл үн өлеңінің авторы кім?

Ақсұңқар Ақынбаба — осы өлеңнің авторы.

Толған ұры, толған өсек, қапыл үн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Толған ұры, толған өсек, қапыл үн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақсұңқар Ақынбаба өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Толған ұры, толған өсек, қапыл үн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері