Мұңдарға бейім жүрегім – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Мұңдарға бейім жүрегім» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 630
Өзгені ойға алмайсың,
Бәрін де көзге ілмейсің.
Мұңдарға бейім жүрегім,
Күлуді неге білмейсің?

Тағдырдың бұзған қамалын,
Әлемде қанша ьар мықты?
Жоғалта алу мүмкін бе,
Сендегі такаппарлықты?

Сендегі арман қыйырда,
Шаршатып мені мықтайды.
Мен сені жүрем ұға алмай,
Басқалар мені ұқпайды.

Жырым да жатты мұнартып,
Мұздайды жүрек қан қызбай.
Жүрсең де келдің жүк артып,
Тағдырға ноқта салғызбай!

Өзгені ойға алмайсың,
Бәрін де көзге ілмейсің.
Мұңдарға бейім жүрегім,
Күлуді неге білмейсің?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұңдарға бейім жүрегім өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Мұңдарға бейім жүрегім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұңдарға бейім жүрегім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұңдарға бейім жүрегім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері