Алтай жері – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Алтай жері» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 934
Өр Алтайдың таулары да өр еді,
Қарттары да ой айтатын өрелі.
Жарға құлап бара жатсаң бір уыс,
Жусаны да саған көмек береді.

Жақпар тастар алтынан да бағалы,
Әр тасында Сұлубайдың бар әні.
Арғымағы өрге қарай ентелеп,
Баласы да өрге қарай шабады.

Өзендері тарам-тарам сағалы,
Құм шайқаған кесек алтын табады.
Асқақтықтан жаратылған мекеннің,
Өзені де өрге қарай ағады.

Мұнда өтпейді басқалардың зорлығы,
Таң қалдырар батырлардың молдығы.
Есек міну жазаның ең үлкені,
Жаяу жүру – дүниенің қорлығы.

Қыздары да кербез келер шетінен,
Намыс үшін жан қиюға бекіген.
Алтай жерін силасаңдар ағайын,
Азаматын қақпаңыздар бетінен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтай жері өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Алтай жері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтай жері өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтай жері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері