Телефон күту – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Телефон күту» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 560
Естен танды қиялым да,
Жайылмады қанаттарым.
Тілдеспейді ол бүгін маған,
Тезірек өт сағаттарым.

Сағыныштың шіркейлері,
Үймелейді көзіме кеп.
Жайламасын сүркей мені,
Тезірек өт, тезірек өт.

Жай қозғалар сағат тілі,
Жылдамдатса жүрістерін.
Минут тілі шыр айналса,
Тұрма секунд тыныш тегін.

Маған келе жатқан мұңды,
Орта жолдан кетіре сал.
Алпыс рет сыртылдамай,
Он екі рет секіре сал.

Тауысам ба жүрек сырын,
Отырсам да бірден жазып.
Өкпелетіп алдым білем,
Көңілі оның гүлден нәзік.

Биік еді назарымда,
Өркен жайған бәйтеректей.
Хабарласып қалар ма әлде,
Тұра тұрсаң қайтеді өтпей!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Телефон күту өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Телефон күту өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Телефон күту өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Телефон күту өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері