Ақша қар

Бұл бетте «Ақша қар» атты Мағиза Құнапияқызы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 655
Алматыға қалың түскен ақша қар,
Келдің бе сен Алтайдан?
Әжелердің ақ самайы секілді,
Бұл мекенді ойлай-ойлай қартайған.

Тапжылмастан туған жерді кұзеткен ,
Алтай тауым аман ба?
Ала тауға сәлем аитса ізетпен,
Тауды құшып тәмәмдә.

Пәктілікті құрбы жігіт, құрбы қыз,
Көріп қалсын өзіңнен.
Мына мекен аяқ алып жүргісіз,
Ылайланған сезімнен.

Көңілдегі өкпе назды шаң басқан,
Саған қағып кетірем.
Қарап тұрмын жанарымды алмастан,
Тұра тұршы өтінем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақша қар өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Ақша қар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақша қар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақша қар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері