Эскалатор

Бұл бетте «Эскалатор» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2310
Эскалатор барады алып төменге,
Эскалатор барады алып тереңге,
Миллион аяқ—миллион орман көшкендей
Барады ағып, барады ағып төбемде.
Эскалатор ұқсап қызыл сұңқарға,
Эскалатор барады алып шырқауға.
Миллион көздер — миллион жұлдыз
жанады,
Арман атты асқаралы бір тауда.
Келем, келем со бір тауға мен өрлеп,
Жан-жағыма көз тастаймын елеңдеп.
Тебірентіп тереңдік пен биіктік,
Бір сәт өзім кеткендеймін тереңдеп.
Тереңдікпен жаңа шықтым табысып,
Биіктікпен тұрмын енді қауышып.
Тебірентіп тереңдік пен биіктік,
Егіз жолдай жетектейді жарысып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Эскалатор өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Эскалатор өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Эскалатор өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Эскалатор өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері