Рустави – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Рустави» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1889
Жанар таудай жатқан жонда атылып,
Жалынымен бұлттарды айдап сапырып,
Гудогімен ащы даусы жер жарып,
Рустави алды мені шақырып.
Рустави қарағанда басқаға,
Грузияда жаңа туған жас қала.
Рустави — Грузияның сауыты,
Рустави — көк темірге астана.
Домна пеші тау-шойынды қылғытып,
Шомылдырып от ішінде сүңгітіп,
Ағызады қызыл-жасыл өзен қып,
Гүрілдейді сонда оған тіл бітіп.
Астауменен асау толқын жүгіріп,
Прокаттың саусағына ілігіп,
Ұшып жатыр бөлшек-бөлшек бөлініп,
Баяғы оты бойындағы суынып.
Отпен мұнда қарсы алады таңды жұрт,
Келешек боп оралады жаңғырық,
Рустави Руставели секілді,
От ақыны жанатұғын мәңгілік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Рустави өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Рустави өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Рустави өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Рустави өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері