Алматыда ақындар көшелері

Бұл бетте «Алматыда ақындар көшелері» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3275
Кетті олар күйзелтіп кеше мені,
Болды енді өлмейтін дос өлеңі.
Көрінеді тік басқан өздеріндей
Алматыда ақындар көшелері,
Ұлы Абайдан басталып ата даңқ,
Соған жалғас Әуезов қатар ағып,
Жансүгіров, Майлиндер сайрап жолдай
Кең көшені Сейфуллин жатады алып.
Жалғасындай солардың тағдырының,
Алатаудың көремін таңғы нұрын.
Шуылдайды, теректер шуылдайды,
Асыл сөзін жатқа айтып әрбірінің.
Тау бауырынан толқындай құлап аққан,
Аманжолов көшесі мына жатқан.
Сонау КИЗ-де Жароков көшесі бар
Алатауға аңқылдап тура тартқан.
Алматының Микро ауданында,
Жетісудің малынып бау-бағына,
Жұмағали Саинның көшесі тұр
Ойлана бір көз тастап жан-жағына.
Тағдырлары қаңбақтай көше қонып,
Бастарынан күн өтті неше жорық.
Олар кеше білген жоқ, о дариға-ай,
Алматыда қаларын көше болып.
Кім оларды жоқ бізбен дейтін бүгін,
Тоқтат, уақыт, ондайдың бейпіл үнін! —
КазГУ бүгін Мұхтармен кездеседі.
— Бүгін кеші КазПИ-де Сейфуллиннің!
Сөйлейді ұлы халқымның кемеңгері,
Сөйлейді ер ақынның өлеңдері.
Алматыда ақындар көшелері,
Алматыда ақындар емендері.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматыда ақындар көшелері өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Алматыда ақындар көшелері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматыда ақындар көшелері өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматыда ақындар көшелері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері