Мертікті арғымақ көңіл – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Мертікті арғымақ көңіл» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 578
Бірде тасу, бірде басу,
Алау көңіл қандай едің.
Қанжар мінез білмес жасу
Тозаң түспес сандай едің.
Күллі өмірдің бар тізгінін,
Асқақ ән мен жырға берген
Инеменен құдық қазып
Тереңінен інжу терген.
Адам едім, Адал едім
Әділеттің соңына ерген.
Араз едім, Наразы едім
Бос кеудемен көкірек керген.
Асырмаған, Жасырмаған
Ақиқаттың досы едім.
Билікті деп бас ұрмаған
Адалға ұран қосып едім.
Мұхит толқып, теңіз тулап,
Шайқалды өңір, өзгерді өмір
Төзе алмаған салмағына
Нәзік, мөлдір сынып небір,
Биік мерей аласарып,
Майырылды ақ алмас жеңіл,
Мертікті қайран арғымақ көңіл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мертікті арғымақ көңіл өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Мертікті арғымақ көңіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мертікті арғымақ көңіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мертікті арғымақ көңіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері