Жанарың сенің

Бұл бетте «Жанарың сенің» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1307
Жанарың сенің...
Шіркін-ай, осы жанарың!
Көргенде
Көктің жұлдызы ма деп қаламын.
Келеді саған
Жаудырап қайта қарағым,
Келеді сені
Жаныма жақын балағым.
Қап-қара қасың
Бояуға малып алғандай,
Кіршіксіз мынау
Тістерің бейне маржандай.
Жалтылдап тұрған
Көзіңнен от жанғандай,
Жарқ етіп бір сәт
Алыстай бердің армандай...
Қоп-қою ұзын
Кірпігің қандай төгілген,
Тінтсем де қанша
Мін таба алмадым өзіңнен.
Жанары таза,
Тұп-тұнық мына көгімнен
Айналдым, жаным,
Жаудырап тұрған көзіңнен!
Көздерің сенің...
Шіркін-ай, осы көздерің!
Жаутаңдай бердім,
Бірақ сен оны сезбедің...
Амалым қанша,
Бақытысың сен өзгенің,
Қол ұстасып,
Ғаламды бірге кезбедің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанарың сенің өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Жанарың сенің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанарың сенің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанарың сенің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері