Мамық нұр тамды суреттегі гүлге – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Мамық нұр тамды суреттегі гүлге» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мамық нұр тамды суреттегі гүлге,
Жаным –
парағы былтырғы газеттің,
үстеліңде қалған қақталып күнге...
Бүгін де қарамадым күнтізбеге,
Ертең де қарамаймын...
Тәні нәзік
хаттар өсірем үстелге тізбелеп.
Аулаңдағыдай ақ мысық аламын,
Шашымды ұзартам,
Уақытты ұзартам,
Белі сықырлаған есікті жабамын...
Сені күтпейтін шығармын...
Ал кешке
әйнекте бүрлеген нұрды суғарам,
көктемді суғарам терезеде өскен...
Сағынсам жамылам салқын ауаны,
Түнде жағам аспашамның іңірін
еденде сырғыған жұмсақ табаны.
Масаң үн ұшқан радионы қосам
тыңдамасам да жалғызсыратпау ғой
бөлмені...
Сөйтсе де, көңілсіз ән тосам...
...Сені күтпейтін шығармын...
Екі кесеге шәй құям,
сәл төгем.
ыстық шәй ішем бір ғана тілекпен;
...екінші кесе суымаса екен!

...сен келмейтін шығарсың, Анесса!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мамық нұр тамды суреттегі гүлге өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Мамық нұр тамды суреттегі гүлге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мамық нұр тамды суреттегі гүлге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мамық нұр тамды суреттегі гүлге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері