...көріксіз шәр – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «...көріксіз шәр» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

...көріксіз шәр,
Көршім –
түн,
көңілсіз күйім...
отырмын киіп
жалғыздығымды:
жұқа әм мұңды.
Кесеме бу болып ұшқан кофенің жаны –
түсіріп алдым түнді.
Алайда
жұтылдым бұрышқа –
қарайған,
жарылған...
Тұнық жанымның түсті реңкіне малынған
кірпігіммен
бейнеңді бояймын бостыққа...
Соған алданып:
жастықтан мамық иығыңа –
сағынған,
шаршаған
жанымды сүйеймін,
ұмытып түннің терең екенін,
...таңда жөтеліп оянам,
тас қабырғадан маңдайымды әрең көтеріп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

...көріксіз шәр өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

...көріксіз шәр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

...көріксіз шәр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

...көріксіз шәр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері