Айдай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Айдай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2407
Айт дегенде өлеңді аңыраймын, ай-дай,
Көлден ұшқан ақ қаудай мамырлаймын, ай-ай.

Қайырмасы:
О, жалған өткенің бе, айдай-ай.

Қолда барда алтынның қадірі жоқ,
Іздесе де жаманға табылмаймын.

Қайырмасы:
О, жалған өткенің бе, айдай-ай.

Айт дегенде өлеңді аңғарар ма,
Ақын жігіт тойда өлең жаңылар ма.

Қайырмасы:
О, жалған өткенің бе, айдай-ай.

Келген жерден өлеңді қоя бермей,
Мұндай қызық күнде той табылар ма.

Қайырмасы:
О, жалған өткенің бе, айдай-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері