Екі шың – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Екі шың» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мұңды сүйер, мұң көтерер ер деген...
Жан-жүйкеңді жыр әлемі кернеген.
Ғашығың бар, жан досың бар, мұңың бар,
Бай адамды сен секілді көрмегем.
Бұлтын жиып алса да түн төсіне,
Тарам-тарам бұлт кетеді кесіле.
Серік болған саған мәңгі сол бір Ай,
Менмін досым төніп тұрған тесіле.
Адалдықты көрдім достың түрінен,
Аулақ болдық надандықтың кірінен.
Көріп тұрсың кербез биік тау, шыңды,
Білесің бе?
Бірі сенсің, бірі мен.
Қол созамыз, жығылғанда көтеріп...
Төбемізге келер және өтер үк.
Бірімізге қорғанбыз ғой біріміз,
Тағдыр желі соқса дағы жөтеліп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екі шың өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Екі шың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екі шың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екі шың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері