Сағынышым
Бұл бетте «Сағынышым» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
О, менің аяулы арман, сағынышым,
Жанымның езің бе едің сабыры шын.
Бұлқынған бұл жүректі бұғалықтап,
Ұстаған тәріздімін тағыны шын.
О, менің аяулы арман, сағынышым,
Жанымның алаулаған жалынысың.
Даланың шаңқай түскі ақ қанатты
Сен кейде сезілесің сағымы шын.
О, менің аяулы арман, сағынышым,
Сенімен ғана түгел бақ-ырысым.
Сенсізде елсіздемін дауылдатып,
Нөсер боп құйып өтер жауыным шын.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі