Бұл бетте «Неге ғана» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақтарғыштап тарих – тағдыр беттерін
Ұшырамын алысқа ойдың кептерін.
Шіркін әмір, тәкаппар шын, тәрізді
Қандай ғана қиын еді өткелің.
Қандай ғана қиын еді өткелің,
Білем арман түспес қолға теп-тегін.
Көзі бар да, арнасы жоқ мұң сезім,
Сенін ғана ұшығыңа жетпедім.
Сенін ғана ұшығыңа жетпедім,
Шын қымбатқа рас қиын жетпегің.
Маған тағдыр нәсіп еткен мұң сезім,
Бір тұтанып сөнетұғын от па едің!
Қысқа өмірің қысқы күндей санаулы-ақ.
Соның өзі дөңбекшиді сан аунап.
Бір тұтанған сезім сөнбей, шіркін-ай,
Неге ғана тұрмайды екен алаулап!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі