Сен сарғайдың мың мұңға, мен қайтем – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Сен сарғайдың мың мұңға, мен қайтем» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сен сарғайдың мың мұңға, мен қайтем?
Жапырақ-ай, өлермісің, не етерсің?
Аспан ана көз жасына жуынып,
Сен де бір күн үзілерсің, кетерсің.
Жапырақ-ай, сағынған сол жоқтаған,
Ауру дала бір күрсініп жөтелсін.
Жапырақ-ай, қай күз екен белгісіз,
Мен сарғайсам, мені өлтіріп өтерсің.
Қалқам, соны неғыласың деймін ау,
Дәл өзіндей құмартқанда гүлге қыз.
Сізге оданша жапырақты сыйлайын,
Бұл мезгілдей жүрегімде күнде күз.
Сіз сарғайып меніменен кетерсіз,
Жапырақтай ғұмырымда сүрсеңіз.
Жапырақ-ай, үзілсек те бір болып,
Көктем келсе, бүр жарайық бірге біз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен сарғайдың мың мұңға, мен қайтем өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Сен сарғайдың мың мұңға, мен қайтем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен сарғайдың мың мұңға, мен қайтем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен сарғайдың мың мұңға, мен қайтем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері