Ақ – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ақ» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 653
Қазақтың ақ киелі ұғымыңда
Мәні оның — мағынаның тұнығында.
Пәктіктің періштедей баламасы
Тотықпас, мәңгі тозбас ғұмырында.
Не таза адал аққа баланады
Айғағы ақиқаттық саналады.
Жақсылық атаулының жоралғысы
Ар-намыс таразысы санадағы.
Киелі ақ сүт дейміз ана сүтін
Парызын мойындатып бермей ме үкім.
Қадірлеу ақ сақалды, ақ басты ию
Рәсімін күп алады дүние бүтін.
Көңілің, жан, жүрегің адал сезім —
Бағыштап аққа ниет еткен кезің
Киелі мағынаға болады ие
Әрқашан ақты жалғап айтқан сөзің.
Бұл мағына өзгермейді тұрсаң барлап,
Айтыла бермейді тек әркімге арнап...
Ақ жанды, адал халық қазақ жұрты
Деген сөз кетті тарап әлем шарлап.
Көк аспан құбылмалы көп елге ортақ
Аққа жақ Алла өзі берген жол сап
Қазақтың ақ көңіліне бағышталып
Туының түсі шіркін һәм болса ақ.
Жасаған ақтан туын Абылай хан
Бар оның негізінде ғажайып мән.
Алланың ақ жолы деп тұспал еткен
Ниетке тәнті қазақ елі оған нан.
Жөнделеп ту жасапты көгілдірден
Көргенде елең етті көңіл бірден.
Жөн еді-ау қазақ туын ақтан жасап,
Ақ үйдің төбесінен төгілдірген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері