Қазақсыз ғой, сіз деген – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қазақсыз ғой, сіз деген» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 762
Жат алдында жақсысын
«Сіз» деп сыйлай білмеген,
«Ол алғанша, жауға» деп
Жүлде қимай күндеген.
Қазақсыз ғой, сіз деген!
Заты әйелді мазаққа
Жаралған деп білетін,
Мін таппаса ыржақтап
Өтірік ымдап күлетін
Қазақсыз ғой, сіз деген!
«Бөлінгенді бөрі алады...
Жүзі күйсін» деп алып...
Өзі болып шығатын
Ең дарынды, ең алып
Қазақсыз ғой, сіз деген!
Көзі тірі кезінде
Кең дүниесін тарылтар,
Ғажап еді-ау сабаз деп,
Өлгеннен соң жарылқар,
Қазақсыз ғой, сіз деген!
Алакөз боп өзара,
Ағайынмен сыйыспас.
Сыйғызып ап сыналап,
Туыс тапқан қиыспас
Қазақсыз ғой, сіз деген!
Қолын жәйіп келгенді
Төре ғып төр ұсынар,
Балтаң белде болсынды
Айтуға да қысылар
Қазақсыз ғой, сіз деген!
Мемлекеттік сыйлыққа
Жалғыз жанаса алмайтын
Қой торысып қолпаштап
Қосаққа алмай бармайтын
Қазақсыз ғой, сіз деген!
Қопарып ап байлығын
Жатса айыл жимайтын
«Достығыңыз жарасып,
Жетім бұрышқа сыймайтын»
Қазақсыз ғой, сіз деген!
Есем кетті-ау елде деп
Санап қылға тізбеген
Жоғалтқанын келмеске
Кеткеннен соң іздеген
Қазақсыз ғой, сіз деген!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақсыз ғой, сіз деген өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қазақсыз ғой, сіз деген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақсыз ғой, сіз деген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақсыз ғой, сіз деген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері